lat: FIZIKALIZM
зат. Ғылымдағы кез келген жайттардың дұрыстығын, ақиқаттығын тек физика тілінде ғана түсіндіруге болады деген неопозитивистік тұжырым.
Физикализм логикалық позитивизмнің Р.Карнап, О.Нейрат т.б. зерттеген тұжырымдамаларының бірі (ҚҰЭ).
Физикализм негізінде әмбебап тіл базасында бүкіл ғылым салаларын унификациялау, осы тілді философиялық зерттеудің объектісіне айналдыру идеясы жатыр (ҚҰЭ).
Физикализм – барлық ғылыми ұсыныстарды физика ғылымдарының терминологиясында білдіруге болады деп білетін философиялық көзқарас. Психологиядағы неғұрлым ықпалды вариациясы сәйкестік теориясы болып табылады (Қаз. тілі термин. Педагогика).