lat: FOKÝS
зат. 1. физ. Сынған немесе шағылысқан сәулелердің тоғысу нүктесі.
Сонда шеткі сәулелерге сай фокус аралығы жақын, параксиаль сәулелерге сай фокус аралығы қашық болады (П.Полатбеков, Оптика).
Жазықтықта берілген фокус деп аталатын нүктеден және директриса деп аталатын түзуден бірдей қашықтықта жататын сол жазықтық нүктелерінің геометриялық орнын парабола деп атайды (О.А.Жәутіков, Жоғары математика).
Берілген жылжымай бір орында тұратын нүктені – екінші ретті қисықтың фокусы деп, ал түзуді директрисасы деп атайды (О.А.Жәутіков, Жоғары математика).
2. Суретке түсірілетін нәрсенің кескіні айқын белгіленетін нүкте.
Алыстағы нәрсенің кескіні объективтің фокусына келіп түседі де, оны окуляр арқылы әрі қарата үлкейтіп қарайды (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
Бұл фотоаппаратқа фокустың қашықтығы 23,1 миллиметрлік «Индустар М» объективі орнатылған (Б.Тілекметов, Фотосурет.).
3. мат. Математикада қисық сызықтың (эллипстің, гиперболаның немесе параболаның) кез келген М нүктесіне дейінгі қашықтығының сол нүктеден белгілі бір түзуге (директрисаға) дейінгі қашықтығына қатынасы тұрақты шама (эксцентриситет) болатын нүкте (ҚҰЭ).