ФОКУС

lat: FOKÝS

зат. 1. Шапшаң қимылдың, қолдың ептілігімен алдап-арбап, көз бояп, неше түрлі сиқырлы ғажап ойындар көрсету әрекеті, сиқырлық.

Тағы фокус жасап жатырсың ба?! деп Говкалло есікті жұлқып ашты (К.Тоқаев, Көмескі.).

2. ауыс. Таңқаларлық іс, ептілік.