ФОНАРЬ

lat: FONAR

[гр. ponation] зат. Түнде қолға ұстап жүретін немесе іліп қоятын шишалы шам.

Фонарь жарық көзі жартылай немесе толық шынымен немесе басқа мөлдір затпен қоршалған жарық беру аспабы (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Жұмыскерлер бір-бір фонарьды беліне байлап алып, сол сатылармен жердің астына түседі (С.Сейфуллин, Әңгім.).

Қос атаманы жұрттан оңшау бөліне, батысқа қарай аяңдап барады, бір қолында фонары, екінші қолында сүймен (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Қақпа жанындағы фонарь жарығы да қызғылт тартып, тек қарыс аттам жерге төгіліп жатыр (X.Есенжанов, Ақ Жайык).