Тілдің дыбыстың жүйесіндегі негізгі типтік единица. Фонема жөнінде Л.В.Щерба былай дейді: «Сөз бен оның формаларын дифференциялайтын, яғни адамның қатынас жасау мақсатына қызмет ететін дыбыстар типі». Фонемалар дауыстың қатысына қарай; дауысты, дауыссыз, сонант, жарты дауысты; ауыз, мұрын жолы қызметіне қарай: ауыз және мұрын жолды; айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың; ауыздың ашылу кезіндегі ауаның санына қарай: аспираттар: артикуляциясына қарай: ерін, тіс, таңдай дыбыстары болып бөлінеді.