ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ

lat: FONEMATIKALYQ ESTÝ

Адамның сөздік дыбыстарды талдау мен біріктіруге қабілеттілігі.

Фонематикалық есту анатомиялық-физиологиялық механизмінде дыбыстарды ажыратуда басты рөлді «Вернике» орталығында (мидың үлкен жарты шарының үштен бір бөлігіндегі қыртыс иірімдері) орналасқан есту-сөйлеу бөлігі атқарады. Оның зақымдануы немесе жетілмеуі адамның тілдік дыбыстарды ажырата алмау қабілетсіздігіне апарып соғады (сенсорлық афазия немесе апатия). Ана тіліне деген фонематикалық есту балаларда айналастындағылардың ауызша сөйлеуін қабылдау және қабылданатын үлгіге сәйкес өзіндік сөйлеу барысында қалыптаса бастайды. Сөздерді айту дыбыстың дифференциалдық қасиеттерін бөліп, жалпылаудағы және оларды есте сақтаудағы ең тұрлаулы шарт.

Фонематикалық естуді дамыту үшін балалармен айтылатын сөздердің ішінен кейбір дыбыстарды саналы және ерікті түрде бөліп алып, сөйлеу дыбыстарын салыстырудың маңызы зор (4-5 жас аралығы). Фонематикалық есту механизмі оқу мен жазу барысында қайта құрылады. Басқа тілдерді оқу барысында Фонематикалық есту сол тілмен қатар ана тілінде де дамып отырады.