жәшік тәріздес клавишті-ішекті, балғалы музыка аспабы, ішінде ішекті шойыннан жасалған қаңқа тіреу орналасқан. Фортепианоны 1709 ж. Бартоломео Кристофори ойлап тапқан. Дыбыс фильцпен оралған ағаш балғалармен ішекке ұрып шығарылады, нәтижесінде ұзақтығы басым, сондай-ақ әртүрлі күші бар - өте ақырыннан өте қатты дыбыстар шығару мүмкін болады. Аяқпен басылатын педальдар дыбыс күшін азайтуға (сол жақ) немесе созуға (оң жақ) мүмкіндік береді. Фортепиано әуенділігі жағынан кейбір аспаптарға жол бергенмен, мұқият жетілдірілген механика арқасында орындаушыға алуан түрлі аккордты және көпдауысты жарасымда фактуралық мүмкіндіктер береді. Ол бұл ретте оркестрге ұқсас келеді. Фортепиано ауқымы жетіден аса октавадан тұрады. Осындай құндылықтарына қарай фортепиано жеке орындаушылық, ансамбльдік, кейде оркестрлік, сондай-ақ үй жағдайындағы, оқу-көмекші аспап ретінде әмбебаптық мәнге ие. Қазіргі кезде фортепиано екі түрі бар.