Жүкті теңізбен тасымалдау үшін төленетін төлем. Фрахт көлемі чартерді жасаған кезде ескертілуі немесе тариф негізінде саналуы мүмкін. Шарттың талаптарына қарай фрахт салмақ немесе жүктің көлем бірлігіне немесе кеме сақтандырылған рейске жалпы сомамен төленеді. Әдетте фрахт кемемен жеткізілетін және қабылдау пункттеріне өткізілген жүктің мөлшеріне қарай төленеді. Мұндай жағдайда кеме иесінің фрахтта сақтандыру мүддесі болады, демек фрахт сақтандыру объектісі бола алады.