ФРАХТ

lat: FRAHT

1) көліктің кез келген түрімен жүк тасымалы үшін төленетін төлемақы. Автомобиль кәсіпорны, теміржол, авиация компаниясы, сондай-ақ аралас тасымалы жүзеге асыратын делдал жүк тасушы бола алады; ақы төлеу тәртібі мен фрахтың мөлшері тараптардың келісімен (фрахт шартымен) белгіленеді; 2) фрахталған кемеде тасылатын жүк, сондай-ақ осындай тасымалдың өзі.