ФРАНЦУЗ ТІЛІ

lat: FRANSÝZ TİLİ

галл-роман тобына жататын роман тілдерінің бірі. Франция, Белгия, Швейцар Конфедерациясы, Канада, Гаити, Монако, Люксембург, Андорра елдеріндегі ресми тіл. Француз тілі Африканың да көптеген елдерінде ресми тіл. Сөйлеушілер саны 119 млн. адам. БҰҰ-ның ресми және жұмыс тілі. Француз тілінің диалектілері: франсиялық (Иль-де-Франс диалектісі); солтүстік (норманд, пикард, валлон); оңтүстік-шығыс(бургунд, франшконт) және франко-провансаль диалектісі. Француз тіліне аналитизм тән. Француз тіліндегі ең көне жазба ескерткіш ҮІІІ ғ. жатады. Жазуы латын графикасында.