ФРОНТОН

lat: FRONTON

(маңдайша қабырға) (француз тілінен fronton) шатыр еңістерімен екі бүйірінен, ал төменгі жағынан ернеумен шектелген ғимарат қасбетінің, портиктің, ұстынтізбектің ұшы (әдетте үшбұрышты). Сәндік фронтондар ғимараттардың есіктері мен терезелерін безендіріп тұрады.