lat: FaktÝRA
зат. өнер. Көркемөнер шығармаларындағы көркемдік техникасының өзіндік ерекшелігі; көркемсурет туындысының сыртқы өңі, түр сипаты.
Фактурада суретшінің өзіне тән қолтаңбасы айқын байқалады (ҚҰЭ).
Сахнадағы сыпайылық, ұстамдылық, сезім шынайылығы, шығарманың музыкалық фактурасынан аулақ кетпеу – әнші бойындағы әдемі қасиеттер (Б.Тәжібаев, Сахна.).
Күйдің музыкалық фактурасын көп дауысты хормен, өлең сөзімен дамытуға бай қиял, тапқырлық керек болды («Мәдениет және тұрмыс»).