ФАКТУРА

lat: FaktÝRA

зат. 1. экон. Сатып алушыға берілетін тауардың аты, бағасы жазылған қағаз, босатылған тауарға берілетін шот.

Онда тауардың түрі, көлемі (саны) және құны туралы егжей-тегжейлі деректер және сатып алушы есебіне жатқызылатын барлық шығын көрсетіледі. Қазіргі бухгалтерлік есепте шот-фактура деп аталады (ҚҰЭ).

Сатып жібердік, сенбесеңіз қыздардан сұраңыз, магазин қоймасында да масаты жоқ, алынған фактура бар (Д.Сапаров, Өткен.).

2. ауыс. Есеп, бақай есеп.

Дүниесін фактурамен дұрыстап алғанша, көзі алақтап жүрген баланың екі аяғын бір етікке тығып, тақымдап қоймады (С.Жүнісов, Жапанда.).