Факт

lat: Fakt

эмпириялық жəне теориялық білімді құрастыруда қатысатын тəжірибе буыны; бағдарлама құралдарымен бейімделген эмпириялық нақтылық (мəтіндер, формулалар, фотосуреттер, бейнетаспалар т.б.). Факт гносеологиялық тұрғыда көп қырлы құрылыстың иесі: 1) объективті бар (нақты үрдістер, жағдайлар, қатынастар, қасиеттер т.б.); 2) бағдарламаны құрастыратын (бағдарлама бетістірушілері); 3) фактілердің практикалық детерминациясы (бақылаудың, өлшеудің, эксперименттің сандық жəне сапалық мүмкіндіктері); 4) фактілердің когнитивтік детерминациясы (теорияның алғашқы абстракциясынан, теориялық, психологиялық жəне əлеуметтік-мəдени ұстанымдарынан тəуелділігі).