lat: FaktORLYQ TALDAÝ
(лат. factor – өндіруші және грек. analysis – ыдырау, бөлшектеу) – адамның зияттылығын зерттеуге арналған психологиялық әдістің бірі. Бұл адамның ой санасы, мінез-құлқы, сезімталдығы, жалпы және ерекше қабілеттілігі, т.б. туралы жасалған факторлық кесте деректерін салыстырып, бір-бірімен байланыстыра талдауда қолданылады.
Факторлық талдау психологиялық әдіс ретінде XX ғасырдың бас кезінен бастап дами бастады. Факторлық талдаудың алғашқы сұлбасын 1904 ж. Чарльз Спирмен кұрды. Осы әдіс арқылы адам зияттылығын зерттеуге болады. Орыс психологі Б.М.Теплов факторлық талдау әдісін жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің және ес құрылымын зерттеуге пайдаланған. Фактор (лат. factor – жасаушы, өндіруші) – қандай да бір процестің, құбылыстың қозғаушы күші.