ФАКТОРЛЫҚ ТАЛДАУ

lat: FaktORLYQ TALDAÝ

(лат. factor өндіруші және грек. analysis ыдырау, бөлшектеу) Психологиялық әдістің бірі. Бұл адамның ой-санасы, мінез-құлқы, сезімталдығы, жалпы және ерекше қабілеттілігі, т.б. туралы жасалған факторлық кесте деректерін салыстырып, бір-бірімен байланыстыра талдауда қолданылады. Факторды талдау психологиялық әдіс ретінде XX ғасырдың бас кезінен бастап дами бастады. Факторды талдаудың алғашқы сұлбасын 1904 ж. Чарльз Спирмен құрды. Осы әдіс арқылы адам зияттылығын зерттеуге болады. Орыс психологі Б. М. Теплов Факторды талдау әдісін жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің және ес құрылымын зерттеуге пайдаланған. Фактор (тт. factor жасаушы, өндіруші) қандай да бір процестің, құбылыстың қозғаушы күші, себебі.