(phallus). Кейбір феминизм мен гомосексуал теоретиктері үшін дененің бірнеше тұтам еті ғана түкке тұрғысыз, ал Жак Лакан үшін ол үлкен маңызға ие. Пенистің мәдени қалыбы саналатын фаллос – патроөзектік жыныстық-гендерлік империумда гетеросексуал ерлердің психологиялық даралығына қажетті сексуалды потенцияның символы. Әкесімен даралық сипат табу жолымен фаллосқа қол жеткізу барша гетеросексуал ер балалардың мақсаты саналады. Осылай әрекет ете отырып, олар психоаналитиктер «факультатив» ( phallicity ) деп атаған, эмоциялық әлсіздікті терістеуге әрі өз күшіне сенудің идеалына ұмтылуға қатысты жүріс-тұрысын моделдейді.