(лат. fanatіcus – буырқанған, бұлқынған, есінен адасқан) – өзінің ұнатқан қалағанына, өзінің наным-сеніміне, белгілі бір идеяға деген қатты құштарлық, нық сенгендік, таза берілгендік көрсету. Фанатизмнің теріс жағы – оның басқалардың көзқарасына мән бермей, оларға төзімділік көрсете алмауы.