ФАСИЛИТАЦИЯ

lat: Fasılıtasıa

( ағылш. facilitate себепші болу, жеңілдету, көмектесу) басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі.

Фасилитацияға қарама-қарсы ұғым интибиция. Фасилитация еріксіз кездейсоқ және арнайы ерікті болуы мүмкін. Егер оларды бала қабылдаса, балаға қатысты фасилитатор рөлінде ересек адамдар болуы мүмкін.

Ал қабылданбаса, олар ингибитор рөлін атқарады. Фасилитация процесі феномен топтарға психотерапия және психологиялық жәрдем ретінде пайдаланылады. Бұл жерде фасилитатор жетекші функциясын атқарып, емделушілерге көмек көрсетеді. Ф. дағдылары практикалық психолог, психотерапевт, психиатрдың міндетті түрде белгіленген дағдылары болуы тиіс.