lat: Federasıa
[франц. federation – бірлестік, одақ] зат. 1. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет (Саяси түс. сөзд.).
Федеративтік мемлекетті құраушы мемлекеттік құрылымдар (штаттар, жерлер, провинциялар, кантондар т.б.) федерацияның субъектісі болып табылады және де өзінің жеке әкімшілік-территориялық бөлігін иеленеді (Заңи терм. сөзд.).
Ресей федерациясында түркі тілдес башқұр, татар, хакас, құмық, ноғай халықтары бар (Соц. Қаз.).
2. Жеке қоғамдар мен ұйымдардың одағы.
Ол спорт федерациясының председателі («Соц. Қаз.»).
Өткен жылы Польшаның бокс федерациясы өзінің 40 жылдық торқалы тойын мерекеледі («Лен. жас»).