Феноменология

lat: Fenomenologıa

(phenomenology) білімнің түп негізі туралы болжамдарға немесе сыртқы дүниеге сүйенбей-ақ, санадағы объектілер жайлы танымға қол жеткізуге тырысатын философия. Феноменология Германияда, Э.Гуссерльдің еңбектерінен бастау алды. Франция мен Швейцарияда ол Морис Мерло-Понтидің және Жорж Пуленің еңбектерінде қоршаған ортадан қалай тәжірибе жинайтынымызды зерттейтін сана философиясы ретінде көрініс берді. Оны Альфонсо Лингис сияқты философтар жалғастыруда.