ФЕНОМЕНОЛОГИЯ

lat: Fenomenologıa

 зат. филос. Сананың әлемді қабылдауын, әлемнің санада құбылуын зерттеу арқылы нағыз танымға, шынайы ақиқатқа жетуді көздейтін 20 ғ. философиясындағы ықпалды бағыт.

Феноменологияның тура мағынасы құбылыстарды суреттеу немесе зерттеу феноменологияның классикалық бағытқа айналуы Э.Гуссерльдің есіміне байланысты (Мәд.-филос. энц. сөзд.).

Осыған байланысты феноменологияны зерттеудің үш дәрежесі бар: дескриптивтік, эйдетикалық және трансенденталды феноменология (ҚҰЭ).