lat: FobıaLAR
(грек. phobos – қорқыныш) – субъектіні белгілі бір жағдайда кісіні билеп алатын вегетациялық (жүрек дүрсілі, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері.
Фобиалар невроз көп жағдайда, психоздар мен мидың органикалық ақаулары кезінде пайда болады. Невроздық фобиялар кезінде ауру кісі, әдетте, өз қорқынышына пәлендей негіз жоқ екенін түсіне бастап, оларға субъективтік кінәраттар ретінде қарай бастайды.
Флегматиктың: мозофобия (аурудан қорқу) – канцерофобия, кардиофобия, сотцо-фобиялар (жұрт алдында орынсыз қызарып кетуден қорқу және т.б), оңашалау үй-жайда болудан қорқу және т.б. түрлері бар.
Егер емделуші өз қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға салып, анық ұғынбайтын болса, онда мұның өзі патологиялық күмәнданушылық, яғни қауіп, сандырақтау жағдайына ұласуы мүмкін. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан көбіне арылуға болады.