ФОБИЯЛАР

lat: FobıaLAR

(грек, phobos қорқыныш) субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дис- функциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды. Фобиядың: мозофобиялар (аурудан қорқу канцерофобиялар, кардиофобия жэне т.б) , сотцо-фобиялар (жұрт алдында сөйлеуден қорқу, қызарып кетуден қорқу және т.б), кеңістіктен қорқу (клаустрофобия жабық үй-жайда болудан қорқу, агарофобия ашық кеңістіктен қорқу) жөне т.б. түрлері бар. Егер емделуші өз қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тұрғыдан анық ұғынбайтын болса, онда мұның өзі көбіне Фобия емес, патологиялық күмәндар (қауіптенулер), сандырақ болып шығады. Фобиядың жүріс-тұрыста белгілі бір көріністерінен болады, олардың мақсаты фобия затына жоламау не ырымдар жасап қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім, жан-дүниесі енжар, вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда көбірек байқалады. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан көбіне арылтуға болады.