Фолликулалар

lat: Folıkýlalar

омыртқалылардың əртүрлі мүшелерінде əртүрлі қызмет атқаратын, дөңгелек, сопақ, алмұрт пішінді, көп қабатты қуыс құрылымдар. Сүтқоректілердің аналық безіндегі фолликулалар жұмыртқаклеткадан дамиды. Қалқан безінің фолликулалары тиреоидты гормондардың негізін салушы, өндірушілер. Түк фолликулаларына тері бездерінің шығару өзектері ашылады. Көптеген лимфалық фолликулалар асқорыту, тыныс алу, зəр шығару жолдарының шырышты қабықшасында орналасады.