lat: Formýlár
зат. 1. Абонентке берілетін кітап туралы барлық мәліметтер толтырылған кітап тізімінің есеп карточкасы.
Кітапханадан кітап алғанда формулярына қарап, тексермей кітап бермейді («Қаз. әдеб.»).
2. экон. Азаматтық және сауда құқығындағы үлгі шарт.
Формуляр талаптарын ірі ұйымдар әзірлеп, контрагентке қол қою (қосылу) үшін ұсынады (ҚҰЭ).