lat: Fortıfıkasıa
<лат. fortіfіcatіo – бекініс> зат. әск. Күн ілгері және соғыс барысында қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін көтеру, әскери қимылдардың тиімділігін арттыру, әскерді, басқару орындарын, халықты және шаруашылық нысандарын қарсылас шабуылынан қорғау үшін жергілікті жерде бекіндірудің (Ф-лық жабдықтаудың) теориясы мен практикасын қамтитын әскери-инж. өнер саласы.
Оған оперативтік-стратег. немесе тактик. жоспар бойынша салынған фортификациялыққұрылыстар жатады. Фортификация әскери (далалық) және ұзақ уақытқа арналған болып бөлінеді (ҚҰЭ).