lat: Fotografıa
зат. 1. Нәрсенің кескінін жарық сезгіш пластинкаларға немесе пленкаларға түсірудің тәсілі.
Егер осы спектрді фотографияға түсірсек, онда фотопластинканың бетіне бірнеше ақшыл сызық немесе бірнеше ақшыл жолақ кесінділер түседі (П.Полатбеков, Оптика).
Күнді телескоппен, не фотография әдісімен зерттегенде күн беті тегіс емес, түйір-түйір дән төгілгендей шұбар екенін көрсетеді (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
2. Осы тәсілмен түсіріліп алынған сурет.
Бірінші – табиғатқа сүйсіну, дәлдікпен суреттеу, көрген жердің фотографиясын беру (I.Омаров, Серпін).
Бір отряд тақырып материалын жинаса, екінші отряд фотография іздеді, ал үшіншісі газет-журналдар қиындысын әзірледі («Қазақст. мект.»).
3. Осындай суретке түсіретін және ол суретті әзірлеп шығаратын жұмыс орны.
Қолдағы суретті сол сапарда, Қызылжарда түстім. Біздің Өрнекте фотография деген нәрсе әлі жоқ, (Б.Кенжебаев, Асау.).