ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕДИНИЦАЛАР

lat: Frazeologıalyq EDINISALAR

Тиянақты мағынаға ие сөз тіркестері. Фразеологиялық единицалардың семантикалық құрылысы әр алуан болады. Олар астарлы, образды, бейнелі мағынада қолданылады да, экспрессивті күшке ерекше ие келеді. Фразеологиялық единицалар тіл біткеннің бәрінде де бар құбылыс; мысалы: орыс тіліндегі рука об руку, қазақ тіліндегі қолма-қол дегендер өз ара мәндес фразеологиялық единицалар. Бұлардың құрылысы әр түрлі болғанмен мағынасы бір. Фразеологиялық единицалардағы сөздердің орын тәртібі берік келеді де, өзгеріске ұшырамайды.