сурет немесе көбіне автордың бейнесуреті орналастырылатын бет. Негізгі титул бетіне қарсы орналастырады. Фронтисписте автордың портреті немесе бүкіл кітапқа арналған сурет басылады. Фронтиспистегі бейнесурет кітаптың маңызын, мазмұнын арттырып, оқырмандарға ерекше әсер беру Бұл кітапты жарнамалауға да маңызы бар. Титул парағының екінші және үшінші беті ашық титул бетін құрайды. Онда екі бетке қатар орналасқан немесе бір беттен екінші бетке жалғастыра орналастырылған мәтін немесе жалғастыра орналастырылған мәтінмен сурет немесе сурет орналастыруға болады.