lat: GÚL
(пар. гул گل) – гүл.
Һәр түрлі гүлдері бар бейішке ұқсас, Бір шеті дәрет үшін салған шарбақ («Қисса Шеризат». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).
Тікенек айырады екі гүлді , Басына зиарат қып һәркім келді («Қисса Таһир – Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Ішінде гүлдер ашылған, Атырапқа сулар шашылған («Қисса Шеризат – Күлшат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Гүл жүзі солған – өңі бұзылған, әбден қажыған. Сәйідтің басын Ғұбайдолла қолына алды, Гүл жүзі солған екен, қайран қалды («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Гүл жүзіңді – сұлу көркіңді.
Ақылым кетіп, биһүш болып жығылдым мен, Гүл жүзіңді көргенде сенің, – дедім («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).
Гүлдик бәдән – гүлдей нәзік дене.
Әмма, ошал халде Көрұғлының үстідегі киген шекпені Ғауазханны гүлдик бәдәніге батып... бірнеше әпсана сөзіні айтып ерді («Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық).