ГҮЛ СЕРІГІ

lat: GÚL SERİGİ

Гүлдің аналығы мен аталығын қоршап тұратын сыртқы ұрықтануға қабілетсіз тостағанша мен күлте жапырақшалары. Гүл серіктердің жай және қос түрлері болады. Қос гүл серігі тостағанша мен күлте жапырақшаларынан екі шеңбер құрайды. Жай гүл серігі бір шеңбермен сипатталады: күлте немесе тостағанша жапырақшалары ғана болады.