ГҮЛДІҢ ШЫҒУ ТЕГІНІҢ ТЕЛОМДЫ ТЕОРИЯСЫ

lat: GÚLDİŃ SHYǴÝ TEGİNİŃ TELOMDY TeorıaSY

XX ғасырдың 60-70 жылдары Циммерман және т.б. ұсынды. Гүл бастапқы өсімдіктердің (риниофиттердің) цилиндр тәрізді ортаңғы мүшесі - теломнан пайда болған. Риниофиттердің дихотомиялық тармақталуы жүйесіндегі соңғы бұташықтар - теломдардан күрделі өсімдіктердің барлық мүшелері дамыған. Эволюция процесінде теломдар стерильді (ұрпақсыз) және фертильді (өсімтал) синтеломдарға тұтасқан. Кейін стерильді синтеломдар жапырақтарға және өркеннің өсіне мүшеленіп бөлінді де, ал фертильді синтеломдар спорофиллдерге айналды. Бүл теория бойынша, гүлдің пайда болуы және вегетативтік өркеннің дамуы бір уақытта жүрген.