көне Армян еліндегі кезбе ақын, әнші, жыршы, күйші, сонымен қатар сайқымазақ (бұл ретте г. қазақ даласындағы салдарды еске түсіреді). Г. ежелгі миф, әпсаналарды, эпикалық жырларды саз аспабының сүйемелімен орындайды екен. Г. поэзиясының өзегі — махаббатты, жер басып жүрген жанның баршасына тән кәдуілгі қуаныш, қайғыны жырлау, өмір қызығын мазақтау еді. Бұл сарын христиан дінін, оның дүниедегі қызықтарды тәрк ететін қағидаларын уағыздаушы армян шіркеулерінің мақсат-мүддесіне қайшы келеді де, г.-дар дін иелері тарапынан қудалауға түседі. Армениядан тыс өлкелерге кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп олар ашуғ (қараңыз ашуғ) өнерінің негізін қалайды. Доскенов Ғ.