Гүл

lat: Gúl

1. з а т е с і м. б и о л о г и я л ы қ. Түрлі түсті, үлбіреген хош иісті гүл шығатын өсімдіктің жалпы аты. Дүрілдеген нажағай, Бұрқыраған жауынның Ашылмағы бар ма басынан Бағы қайтқан қауымның? Мен орманға барғанда, Неше түрлі г ү л ұстап Қайтушы едім қолыма. Г ү л д е р түгіл бұл күнде Шөп тағы жоқ маңымда (Абай, Тол. Жин.). Өзіңсіз кел ген күндерден, Өзіңсіз терген Г ү л д е р д е н, Өзіңсіз кешкен ойлардан, Өзіңсіз өткен тойлардан Жалығып біттім, жаным-ау (М.Шаханов, Ғасырлар.). Құртқашарат тіріліп, құстар ұшар, қаз қонып. Көк жапырақ жайқалып Жаһан Г ү л д е р саз болып. Екі-үш айдай ғұмыры Ол да өтер аз болып (Кердері Әбубәкір , Қазағым). Нұр жауып тұрған көктемде, Г ү л тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде, Есіңе мені алғайсың? (М.Мақатаев, Шығ.). 2. Т е р м. Гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Г ү л д і ң негізгі мүшелері Шығ.). Бұл кеш өте көңілді өтті. Мұхит тағы да он салды, қойшы, не керек, жиынның Г ү л і болды (М.Дүйсенов, Қалыңдық). // Тамаша, қызық. Сұм-сұрқия, қу заман Г ү л көрінер жігітке, қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке. Бір нәрсені ұнатса, Қайта ойланып қарамас. Мақтанып жұртты шулатса, Құмары сол қызба бас (Абай, Тол. жин.). Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр қызыққа жұрт ыржаңшыл. Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, Өлеңсіз солар қызық бола ма Г ү л? (Абай, Тол. Жин.).: аналық және аталық. Егер гүлде аталық та, аналық та болса, қосжынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса, дара жынысты гүл деп аталды (ҚҰЭ). Өсімдіктің түріне қарай Г ү л д і ң құрылысы, реңі, мөлшері, пішіні алуан түрлі (Қаз. Тілі термин. Биология). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жасөспірім, бұлдіршіндей жас. Кешегі Оспан Бір бөлек жан, Үйі - базар, түзі - той. Ақша нәрсе Ала берсе, Ат та мінсе, көнді ғой... Ел тамағын, Жұрт азабын Жеке тартқан кетті Г ү л (Абай, Тол. Жин.). Мінеки, қайғы ойлаған мен не болдым, Г ү л едім жайнап тұрған, бүгін солдым. Деуші едім жердің жүзін аралармын, Жалғанның бір қызығын көрмей өлдім (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бірі алтыда, бірі он үште, Үйдің соні, бүлдіршіндей екі Г ү л , Құшақтаймын, Иіскеймін. Қандай сұлу, Бақытты елде, тәрбие алып өскен ұл (А.Тоқмағамбетов, Өлеңд.). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Сән, ажар, көрік. Әрбір жаманшылықтың, жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, Г ү л і н бұзады (Абай, Тол. Жин.). Ойын- күлкі жастықта Г ү л дейміз ғой, Сауықсайран етелік, жүр дейміз ғой, Сыпайы сөз, сынық тіл мүлойімсіп, деппенен қатты айтпай сіз дейміз ғой (М.Дулатов, Шығ.). Таң шапағы сөніп тұр, Жаңаланған өмірден, Жаңа шығып көрін ген, Г ү л қамауда семіп тұр (А.Байтұрсынов, Шығ.).