Гүл шоғыры

lat: Gúl shoǵyry

б о т а н и к а л ы қ. Орталық негізгі гүлсидамға(өзгерген сабақ) топтанып орналасқан ұсақ гүлдер. Колибри құсының кейбір түрлері белгілі бір өсімдіктері бар жерде ғана таралған. Өйткені сол өсімдіктердің г ү л ш о ғ ы р л а р ы н д а ғы нәрін сорып азықтанады (Р.Әлімбаев, Құстар).. Мақтаның сабағының ұшын шырпу, күнбағыс сабағының бой конусынан өсіп шыққан г ү л ш о ғы р ы н үзіп тастау және т.б. шаралар корреляциялық қасиетке негізделген (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Ұсақ гүлдердің гүлшоғырға шоғырлануы тозаңдандыратын жәндіктерге алыстан байқалады. Г ү л ш о ғ ы р д ы ң түріне қарап, дәрілік өсімдіктердің сыртқы құрылыс ерекшеліктерін тез ажыратуға боладыаз. тілі термин. Биология).