Гумус

lat: Gýmýs

з а т е с і м. б и о л о г и я л ы қ. Қарашірік. Жануарлар мен өсімдіктер ыдырауының қалдығы болып саналатын қара түсті зат г у м у с топырақтың құнарлылығын қамтамасыз етумен қатар тау жыныстарын бұзатын қуатты фактордың бірінен саналады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Гу м у с - әртүрлі организм қалдықтарының негізінен биохимиялық тұрғыдан ыдырауы нәтижесінде қалыптасқан қоңырқай түсті құрылымсыз заттарды біріктіретін күрделі агрегаттар атауыаз.тілі термин. Геология). Гу м у с өсімдіктер мен жануарлар өлекселерінің микроорганизмдер қатысуымен шіріп, ыдырап, минералдануы кезінде пайда болады; қара- қоңыр түсті зат, құрамында лигнин майлар, көмірсулар және белоктар бар (Қаз. тілі термин. Биология).