с ы н е с і м. Гуманизмге тән, гуманизмге қатысты. Жалпы, ортағасырлық түркі ойшылдарының г у м а н и с т і к мұраттары Абай, Шөкөрім шығармаларындағы болмыс пен адам, қоғами орта туралы онтологиялық-гносеологиялық ой-толғамдарда айқын аңғарылады (ҚҰЭ). Ш. Айтматов шығармаларының бәрі де г у м а н и с т і к рухта жазылған дүниелер («Қаз. Әдеб».). Халықтардың, елдердің, уақыттың жол айырығында тұрып өзі де жұмбаққа айналған Абай өз ортасынан дүниетанымдық өресінің кеңдігімен, адамгершілік идеалдары және г у м а н и с т і к табиғатымен, өмбебаптық абсолютке ұмтылған транстенденциялық тәжірибесімен жекедара бөлініп шықты («Түркістан»).