Гуманистік этика

lat: Gýmanısik etıka

АҚШ-та 20 ғасырдың 20 жылдарынан бастап тараған буржуаиялық ғибрат теориясындағы бағыт. Оның негізгі өкілдері- У.Файт, И.Бэббит, К.Гарнет және И.Левиннің өздерінің теориясына осындай атау беруінің мынадай себебі бар: оларға адамгершілік, осы авторлардың көзқарасы бойынша «адамға тән» құылыстардың, _x000D_ ал шындығында- жеке адам психологиясының құбылыстарынан енгізіп отыр.Ғибрат негіздерін осылай шектеу "гуманистік этиканы" жақтаушыларды адамгершілікті тым жеке дара және субьективті тұрғыдан түсінуіне апарып соғады. Мораль өлшемдерін олар адамның өз іс-әрекетін түсінуіне және күні бұрын алға қойылған кез-келген мақсаттан бас тартуға әзір болуына (Файт), индивидтің ішкі жан дүниесінің жинақы болуына және "сыртқы экспансиядан" бас тартуға (Бэббит), кемеңгерлікке Гарнет немесе мінез-құлық парасаттылығына (Левин) апарып саяды. Осы өлшемдердің бәрі нағыз формалды өлшемдер болып табылады, өйткені ғибраттан нақты мазмұнын ашып көрсете алмайды: олар жеке адам мен қоғамның моралдық қарым -қатынасының күрделі жүйесінен өз еркінше мүлдем бөліп алынған. "Гуманизм" этикасы барлық адамдарға бірдей қолданылатын жалпы принциптердің моралда алатын маңызын теріске шығарады; әрбір адам бұл арада өзінің іс-әрекетінің бірден-бір төрешісі ретінде көрінеді. Файт мәселен, адам өздерін өздері қорғай алмайтын басқа адамдардың мүдделерін құрметтеуге міндетті емес деген тұжырымға келеді. "Сөйтіп" , "Гуманизм" этикасы шын мәніндегі гуманизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, оның бүкпеміз индивидуализмі кейде эгоизмді ақтауға ұласады.