Густахлық (п)

lat: Gýstahlyq (p)

Қарсылық.

Густахлық қыл - қарсылық ет. һәр ким меңа густахлық қылып мени арада'ан азалийам мани' қылғучы болса чықсун мени 'аламимдин деп андак ғазаб бирла қарап ерди һәмма фаришталар қарайып қалдылар. "Кімде-кім маған қарсылық етіп, менің мәңгілік қалауымды теріске шығаратын болса, шығып тұрсын менің ғаламымнан", - деп, сондай ашу - ызамен қарап еді, барлық періштелер қарайып кетті (ҚӘ 135).