Гидратация

lat: Gıdratasıaá

з а т е с і м. х и м и я л ы қ. Гидраттану. Судың түрлі заттарға қосылуы. Үгілуге берік жаңа минералдардың түзілуіне әкеп соғатын бастапқы минералдардың сумен қосылыстар түзу процесі г и д р а т а ц и я деп аталады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Химиялық үгілудің негізгі түрлеріне тотығу, г и д р а т а ц и я (су жұту), дегидратация (судан арылу), еру және гидролиз (ажырау) жатады (К.Сапарбайұлы, Геология.).