Гидравликалық

lat: Gıdravlıkalyq

с ы н е с і м. Гидравликаға тән, қатысты. Жаз айларында қаланың жылу желілеріне г и д р а в л и к а л ы қ сынақ жұмыстары жүргізілді («Егемен Қазақстан»). Бір топ адам ... Екінші әдісті, г и д р а в л и к а л ы қ жару тәсілдерін... Бәрін іске асыру жолдарын айтты (З.Қабдолов, Жалын). Апаттардың жоғарғы өміршеңдігі кабинаны брондау, біріріне тәуелсіз екі г и д р а в л и к а л ы қ жүйені, жанармай бактарын тиімді жобалау, өмірлік маңызды агрегаттарды қорғау арқылы жүзеге асып отыр («Зерде»). Каналдармен қатар, мысырлықтар суды жоғары шығарып, шалғай және одан жоғары жатқан жерлерді суару үшін түрлі г и д р а в л и к а л ы қ тетіктер құрды (О.Жәутіков, Математика.).