Гидрофобтық қасиет

lat: Gıdrofobtyq qasıet

жазық басу әдісінің (офсеттік басу әдісі, литография) басу қалыбын даярлағанда басу элементтерінің берік гидрофобты қабілеттерін қалыптастыру үдерісі. Бұл материалдың, яғни басу элементтерінің майлы бояуды қабылдап, суды немесе ылғалдау ерітіндісін қабылдамай, итеру қабілеті. Сондықтан, жазық басу әдісінің қалыптарындағы басу элементтері майлы бояуды қабылдап алады, ал ылғалды қабылдамайды.