Гидрогеология

lat: Gıdrogeologıa

з а т е с і м. г е о л о г и я л ы қ. Жерасты суларының пайда болуы, таралуын, алмасуын, оның қасиеттері мен химиялық құрамын және жер бетіне шығу жолдарын, төңірегімен байланысын, әсерін зерттейтін ғылым; жалпы геологияның бір тарауы. Г и д р о г е о л о г и я жерасты суларын кәсіпорындар мен елді мекендерді, курорт - емдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге және жер суаруға пайдаланудың, судан әртүрлі тұздарды және қажетті химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейдіаз. тілі терми. Геология). Ақкөлден келген г и д р о г е о л о г и я экспедициясының адамдары сордың суын өлшеп көргенде, жүруге болмайтын, өте саяз болыпты (С.Бегалин, Жеткіншек).