г е о л о г и я л ы қ. Бір-бірімен қатты біріккен гидрогеологиялық элементтердің (әртүрлі дәрежеде жерасты суларымен қаныққан геологиялық денелердің) жиынтығы. Г и д р о г е о л о г и я л ы қ ж ү й е л е р табиғи және табиғи-техногендік болып екіге бөлінеді. Соңғысының табиғи жүйеден айырмашылығы, онда жүйенің құрамдас бөлігі ретінде жасанды объектілер (инженерлік құрылыстар) немесе адамдардың іс-әрекетімен елеулі өзгерістерге ұшыраған табиғи объектілер алынады (Қаз. тілі термин. Геология).