Гидролиз

lat: Gıdrolız

[Һуdor - су, Іуsis - айыру] з а т е с і м. х и м и я л ы қ. 1. Су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Г и д р о л и з деп аталатын осы процесс минералдардың бастапқы кристалдық торын бұзып, жаңа кристалдық торын құрайды (К.Сапарбайұлы, Геология.). 2. Кейбір химиялық қосындылардың молекуласының әсерінен төмен молекула түзілімдер жиынтығына ыдырау қабілеті (Мұнай. газ геол. терм. сөздігі). Клетканың тіршілік әрекетінде клеткадағы су және басқа заттардың мөлшері үнемі өзгеріп отырады. Соған байланысты клеткадағы г и д р о л и з процесі тоқталмай өтеді (Қ.Нұғматжанов, Гистология.). Ол - ағаштың қалдығынан г и д р о л и з заводтарында жасалатын талшықты ағаш плитасы (Ө.Орынбаев, Қазақст. орман.).