әр түрлі химиялық қосылыстар мен су арасындағы иондық алмасу реакциясы. Ыдырау процесі сулы ерітінділерде де, судың немесе будың əртүрлі қатты заттармен, сұйықтармен, газ тəрізді заттармен əрекеттесуі нəтижесінде де жүреді. Ыдырау реакциясы ыдыратушы агенттер əсерімен бос (басы артық) валенттілік пайда болған жерде су элементтерін қосу арқылы химиялық байланыстардың үзілуімен сипатталады. Ферменттік гидролиз гидролаза класы ферменттерінің əсерімен жүреді. Бұл процесс белок, май, полисахаридтер, нуклеин қышқылы сияқты биополимерлерді қорытуда маңызды роль атқарады.