с ы н е с і м. Гигиенаға тән, тазалыққа қатысты. Таңертеңгі г и г и е н а л ы қ гимнастика, әсіресе санаторий-курорт жағдайында жиі пайдаланылады (М.Сисекенов, Өкпе ауруы). Қан алатын дәрігер мен оның көмекшілері қан алу кезінде г и г и е н а л ы қ тәртіпті қатаң сақтауға тиіс (А.Дайров, Хирург.). Әрбір балалар бақшасының бөлмелері мен алаңдары педагогикалық, г и г и е н а л ы қ талаптарға сай жабдықталып, безендірілуі керек («Қазақст. мұғ.»). Өндірілетін резинаның көбі автомобиль өнеркәсібінде, сондай-ақ, самолет, мотоцикл және велосипед шиндерін, транспортер лентасын, резина түтіктер, аяқ киім, г и г и е н а л ы қ жабдықтар т.б. бұйымдар дайындауда қолданылады (ҚСЭ).