Гипербола

lat: Gıperbola

(грек. hyperbole ауысу, асырып айту) әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені сөз мәнерлілігін арттыру үшін мейлінше асырып, үлкейтіп, қиял бейнелерін жасауға қатысатын суреттеу әдісі. Бұл әдісті пайдалану арқылы бейне ашық әрі мәнерлі болып шығады. Гипербола фольклорлық бейнелерді жасауда кейіпкерлердің айқын көрінуі мақсатында көп қолданылады. Мысалы, астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп; қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз тоңып. Неғұрлым қатты әсер тудыру мақсатында затты, құбылысты, әрекетті тым асырып, ұлғайтып көрсететін сөз оралымын қолдану әдеби норма болып табылады.