з а т е с і м.м е д и ц и н а л ы қ. 1. Санасы толық тежелмеген, бірақ гипноздаушы психотерапевтің сөзін қабылдау қабілеті сақталған, тіпті сөзге реакциясы ояу кезіндегіден де жоғары болатын жартылай ұйқыдағы ағзаның ерекше психикалық жағдайы. Г и п н о з кезінде дененің, аяқ-қолдың бұл шық еттерінің күш-қуаты мен қалпы (тонусы) жоғары болады, сондықтан психотерапевтің талабына сай кейпін сақтайды (Қаз. тілі термин. Биология). Г и п н о з сеансы кезінде алм деп картоп жегізуге, а деп құр таяққа мінгізуге болады (М.Ысқақов, Соқыр сенім.). 2. Арбап ұйықтату, еркінен айыру, есінен адастыру, ұйыту. Адамды г и п н о з б е н ұйыту үшін сөзді қолданудың неше түрлі әдісі бар (М.Мұқанов, Жан дүние.). Осы сәтте көмекке дәрігер Марио Беллини келді. Ол тісті жүлу үшін г и п н о з д ы қолданды («Лен. жас»). Енді Бөтес г и п н о з күйіне ұшырағандай екен. Жуасыды (Ж.Молдағалиев, Торғай.).